19 жастағы велоспортшы Италиядағы жарыс кезінде ауруханаға жетпей тіл тартпай кетті

19 жастағы велоспортшы Италиядағы жарыс кезінде ауруханаға жетпей тіл тартпай кетті

фото: pxhere.com. Суретте: велоспортшылар

Италиялық велоспортшы Самуэле Привитера "Джиро Валле д'Аоста" көпкүндік жарысының бірінші кезеңінде апатқа ұшырап, көз жұмды. Қайғылы оқиға Понте муниципалитеті маңындағы трассада болған, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Спортшыға алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, ауруханаға жеткізілген соң ол қайтыс болды. Қазір оқиғаның нақты мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Осыған байланысты жарыстың екінші кезеңі есептелмеді, ал жарыс 18 шілде күні үшінші кезеңмен қайта жалғасады. Старт алдында бір минут үнсіздікпен Самуэлеге құрмет көрсетіледі.

Барлық ресми салтанатты шаралар жарыс соңына дейін тоқтатылды. Командаларға үшінші кезеңнен бастап жарысты жалғастыру не жалғастырмау құқығы берілді.