Белгілі продюсер Баян Алагөзова Екібастұз қаласына жасаған сапары кезінде жол бойындағы жағдайға қатысты Instagram парақшасында өз шағымын білдірді.
Продюсердің айтуынша, күйеуі сапар алдында оның қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін барлық жағдайды жасап берген.
"Үш әйелім жоқ, бір ғана әйелім бар – соған жақсы жағдай жасаймын", – деген сөзін мысалға келтірген Алагөзова күзетшілермен, қосымша көлікпен және тағамдармен қамтамасыз етілгенін айтты.
Алайда продюсер сапар барысында жол бойында дәретхананың жоқтығына ашулы екенін жасырмады:
"Үш сағат бойы келе жатырмыз. Жол жақсы. Бірақ бір де бір дәретхана жоқ!" – деп жазды ол желідегі сторизінде.