фото: SN.kz
Цифрлы психолог әрі блогер Гүлжан Ким атышулы қайырымдылық дауына іліккен Перизат Қайраттың туған күні мен өмірлік сандарын талдап, оның болмысы мен тағдыры жайлы тың ақпараттар айтты. Психологтың айтуынша, Перизаттың табиғатында "пайда көру", "ақша табу", "манипуляция жасау" қабілеті басым.
"Ол түрмеден шыққаннан кейін де ақшасыз қалмайды. Себебі, ол ақша табудың жолын жақсы біледі. Екі немесе үш бестік логикасында бар адамдар кез келген тесіктен ақша жасай алады", – дейді маман.
Гүлжан Ким Перизаттың бойындағы "кармалық ауыр жүктің" оның өмірінде қайталанып жатқанын атап өтті. Психологтың сөзінше, Перизат өткен өмірінде де қиянат жасаған адам болған және бұл өмірінде де дәл сол қателіктерді қайталаған.
"5 күні туғандар ақша мен байлықты қатты жақсы көреді. Бірақ рухани жағынан дамымаса, ақшаға басымен кетіп, ешкімге жаны ашымай кетеді. Перизат та солардың қатарында", – деді ол.
Сонымен қатар, ол Перизаттың "пайда көру коды" бар екенін айтып, бұл адамның әрбір жасаған әрекетінің артында жеке қызығушылық жатқанын меңзеді:
"224 деген сан шықты – ондай адамдарға сенуге болмайды. Кез келген сәтте "лақтырып" кетуі мүмкін. Жақсы сөйлеуі, елге ұнауы мүмкін, бірақ шын мәнінде – пайдасын ғана көздейтін жан", – деді психолог.
Жеке өмірі туралы да ой қозғаған Ким ханым Перизаттың махаббат жолында да жолы болмағанын айтып өтті. Оның айтуынша, Перизат сенген жігіттерімен қарым-қатынасы сәтсіз аяқталған, көзіне шөп салу, алдау сынды жағдайларды бастан өткерген.
"Ол қыздың жүрген жігіттері тастап кеткен, көзіне шөп салған, пайдаланып кеткен жағдайлар көп болған. Ал ол мұны қабылдай алмай, өз әлемінде, иллюзияда өмір сүрген", – дейді психолог.