Әлем чемпионы енді – ғалым: Махмұд Сабырхан оқу орнын қызыл дипломмен тәмамдады (ФОТО)

Әлем чемпионы енді – ғалым: Махмұд Сабырхан оқу орнын қызыл дипломмен тәмамдады (ФОТО)

фото: ҰОК. Суретте: Махмұд Сабырхан

Бокстан Қазақстан құрамасының белді мүшесі Махмұд Сабырхан ғылым магистрі атанды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Махмұд Сабырхан Instagram желісіндегі ресми парақшасында өзінің жаңалығын сүйіншілеп, көпшілікпен бөлісті.

"Ассалаумағалейкум. Мұхтар Әуезов атындағы университетінде Спорт менедженті білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі атандым! Білім нәрімен сусындатқан барша мұғаліміме алғыс білдіремін. Еңбектеріңіз жана берсін! "Білімдіге дүние жарық" дейді дана қазақ. Бұл оқу орнында алған білімім алдағы өмір жолында пайдаға асады деп білем", – деп жазды Махмұд Сабырхан.