фото: uww.org. Суретте: Нао Кусака мен Ақжол Махмудов
Қырғызстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасы Жапонияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Команда сапында екі дүркін Олимпиада жүлдегері және екі мәрте әлем чемпионы атанған Ақжол Махмудов та бар, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жаттығу жиындары аясында Махмудов пен Олимпиада чемпионы болған жапониялық Нао Кусака арасында бақылау белдесуі өтті. Кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды, алайда соңғы ұпайды Кусака еншілегендіктен, жеңіс соның пайдасына жазылды.
Айта кетейік, қос балуан бұған дейін ресми жарыстарда екі рет кездескен. 2023 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Махмудов 7:5 есебімен жеңіске жетсе, 2024 жылы Азия чемпионатының финалында Кусака 4:2 нәтижесімен қарымта қайтарған еді.