"Мөлдір көрінбейді ғой": Тұрсынбек Қабатовтың анасына гүл берген сәті жұрттың талқысына түсті (ВИДЕО)

"Мөлдір көрінбейді ғой": Тұрсынбек Қабатовтың анасына гүл берген сәті жұрттың талқысына түсті (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың өзінің отбасына, жақындарының қасында болған суреттері тарады.

Instagram желісіндегі "Жұлдыздар әлемі" парақшасында жарияланған видеода Тұрсынбек Қабатов анасына гүл шоқтарын беріп, кейіннен бауырларымен бірге суретке түскен сәттері көрсетілді.

Осы видеоға пікір білдірген оқырмандар легі де өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп жатса, кейбірі Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанованы іздегендер де табылды.

"Мөлдір көрінбейді ғой", "Анасы тамаша адам, отбасылары аман болсын", "Аналарымыз аман болсын", "Тұрсынбектің шыққан тегі, отбасы керемет жандар ғой".