фото: Anna Shtourman / FIDE. Суретте: Бибісара Асаубаева
Атақты қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева мадридтік "Реал" мен Англия құрамасының қорғаушысы Трент Александер-Арнольдпен кездесті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Шахматшы Лас-Вегаста түсірілген фотосын Instagram парақшасының сторис бөлімінде жариялап:
"Лас-Вегаста бөлмеге бара жатып жұлдызбен кездесуге болады", – деп жазды.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева 16-20 шілде аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін ірі халықаралық шахмат турниріне қатысып жатыр.
Ал Трент Александер-Арнольд жуырда "Реал Мадрид" сапында тұңғыш рет ұйымдастырылған клубтар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетіп, командасы жартылай финалда Францияның ПСЖ клубынан 0:4 есебімен жеңіліп қалған.