фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Ерке Есмахан мен Раймның отбасы
Танымал әнші Ерке Есмахан жұбайы, рэпер Раймның туыстарына жасаған көмегін алғаш рет ашық айтты.
Өнер иесі Instagram желісінде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп отырып, күйеуінің мейірімді әрі жомарт екенін жасырмады. Еркенің айтуынша, Райм өте дәулетті әулеттен шыққан, бірақ өзінің байлығын көрсеткісі келмейді.
"Күйеуімнің дәулетті екені рас. Бірақ ол оны көрсетпейді, айтқызбайды. Мен мақтанып, айтқым келеді, бірақ оған рұқсат етпейді", – деп бөлісті әнші.
Сондай-ақ Ерке күйеуінің тек әйеліне емес, өз туыстарына да қамқорлық көрсетіп, қымбат сыйлықтар жасайтынын айтты.
"Бір-бір машина мінгізді. "Жұрт Райм тек әйеліне ғана береді демесін, туысқандарға бергендеріңді де көрсетейік" деймін. Ол көнбейді. Сондықтан, "міне, беріп жатырмын" деген пост күтпей-ақ қойыңыздар! Бәрін Алла разылығы үшін істейді", – деп жазды ол.
Әншінің бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік Еркенің ашықтығына тәнті болса, енді бірі жеке өмірді жария етпеу керек деген пікірде.
Еске сала кетсек, Ерке мен Райм 2023 жылы отау құрған болатын.