фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Гүлнұр Оразымбетова ұлдарымен
Әнші Гүлнұр Оразымбетова алғаш рет ұлының аяқ киімінің бауын байлап жатқан сәтін желіге жариялап, түрлі пікірлерге тап болды.
Желі қолданушыларының бір бөлігі "бала өзі байламай ма?" деп әншіні сынға алса, енді бірі оның баласының денсаулығына байланысты қолдау білдірді. Белгілі болғандай, Гүлнұрдың ұлының аяғына бұған дейін бес мәрте ота жасалған.
Осы дерек жария болған соң, көпшілік әншіні түсіністікпен қарсы алып, "Ана үшін баласы ешуақытта есеймейді", "Мейірім – ана жүрегінде" деп жылы лебіздерін жаудырды.