фото: instagram/fcbarcelona. Суретте: Ламин Ямаль
Каталониялық "Барселонаның" жас шабуылшысы Ламин Ямаль жаңа маусымнан бастап әйгілі №10 жейдені киеді. Бұл жаңалық клубтың ресми келісімшартты ұзарту рәсімінде жарияланды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Атақты аргентиналық футболшы Лионель Месси "Барселонада" 13 жыл бойы осы нөмірмен өнер көрсеткен болатын. Оның ПСЖ-ға ауысуынан кейін №10 жейде Ансу Фатиге берілген, алайда жарақаттарына байланысты ол өзін көрсете алмай, "Монакоға" жалға берілді.
Ал енді 18 жасқа толған Ямаль өз нөмірін 19-дан 10-ға ауыстырды. Жаңа нөмір беру рәсімі оның клубпен келісімшартты ұзартуымен қатар өтті. Шешім ресми түрде тек 13 шілдеде, Ямаль кәмелетке толғаннан кейін қабылданды.
Ламин Ямаль "Барселона" сапында 2023 жылдың сәуірінен бері ойнап келеді. Ол 2024 жылы Испания құрамасымен Еуропа чемпионатын жеңіп алған.