"Сатамын десең, иә?": Тұрсынбектің әйелі күйеуі туралы ақпаратты тегін айтпайды (ВИДЕО)

"Сатамын десең, иә?": Тұрсынбектің әйелі күйеуі туралы ақпаратты тегін айтпайды (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде тараған түрлі қауесеттерге байланысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы ол Жетінші арнаның "Жарқыраған жұлдыз" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Мөлдір Мұқан өзіне қатысты тарап жатқан ақпараттар мен сұхбаттарға байланысты келесідей мәлімдеме жасады:

"Мен сұхбатта айтқан жоқпын. Мен ешкімге сұхбат беріп жатқан жоқпын. Жоқ, мен (ақпаратты) тегін айта алмаймын. Сатамын десең, иә?! Жеке өмірімді жеке өмір деп қалдырамын деп шештім. Тұрсыкеңе қатысты сұрақты оның өзіне қойыңыздар. Өзінің парақшасы, өзінің көмекшілері бар. Мен де күтпедім. Бәрі жақсы".

Осылайша, Мөлдір Мұқан жұртты тыныштық сақтауға шақырып, отбасы мәселелеріне қатысты нақты жауап бермейтінін жеткізді. Сонымен қатар, Тұрсынбек Қабатовтың айналасындағы сауалдар мен мәселелерге тек өзі жауап беруі тиіс екенін айтты.