"Жарқырау үшін сыну керек болды": Тұрсынбектің әйелі жұртты ойландырып тастады (ВИДЕО)

"Жарқырау үшін сыну керек болды": Тұрсынбектің әйелі жұртты ойландырып тастады (ВИДЕО)

фото: SN.kz. Суретте: Мөлдір Мұқанова

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова өзінің Instagram парақшасында ел күтпеген видео жариялап, жұртты ойға қалдырды.

Кейінгі уақытта әншілік өнерге бет бұрған Мөлдір бұл жолы өзін екі түрлі образда көрсетті: бірі – "сынған", екіншісі – "жарқыраған". Видеоға: "Ол жарқырау үшін сыну керек болды. Жарқырайтын уақыт келді" деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары бұл мәлімдемені бірден Тұрсынбек Қабатовпен арадағы қарым-қатынаспен байланыстырып, түрлі пікір қалдырды. Бірі оны қолдап, жарқырай беруін тілесе, енді бірі бұл видео арқылы Мөлдір Мұқанова өз өміріндегі жаңа парақты ашқалы жатқанын болжады.

Пікірлер арасында:

"Жарқырай бер, халық сені қолдайды. Тұрсынбекке ерегіскенде мықты жұлдыз бол",
"Еркектің ақшасы сәл көбейсе қатын алады. Күйеуі тастаған жалғыз әйел емессің. Мықты бол, жарқыра",
"Осы ажырасқан әйелдердің бірден құлпырып шығатыны неден екен? Күйеумен жүргенде де осылай жүруге не кедергі болды?" сынды пікірлер жазылды.