Тоқаев Әлем кубогында сенсация жасаған 19 жастағы қазақ шахматшысын құттықтады

Тоқаев Әлем кубогында сенсация жасаған 19 жастағы қазақ шахматшысын құттықтады

фото: instagram.com/m_kamalidenova. Суретте: Меруерт Камалиденова

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Әлем кубогында сенсациялық жеңіске жеткен Меруерт Камалиденованы құттықтады. Бұл туралы Ақорда ресми түрде хабарлады, деп жазады Sportinside.kz.

Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан FIDE World Cup 2025 додасының іріктеу кезеңінде Меруерт әлемдік деңгейдегі гроссмейстер, 2023 жылғы чемпион Александра Горячкинаны жеңіп, көпшілікті таңғалдырған еді.

Осыған орай президент арнайы жеделхат жолдап, шахматшының жеңісін жоғары бағалады:

"Мемлекет өзіңіз сияқты талапты жастарға әрқашан қолдау көрсетеді. Елімізде бұл интеллектуалды ойын түрін жаппай дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Әрбір жеңістеріңіз оларды жігерлендіреді", – делінген құттықтауда.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Меруертке алдағы финалдық кездесулерде сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік: Қазақ қызы 1/32 финалда аса тәжірибелі қарсыласын жеңіп, әлем назарын аударған болатын.