"Мәһірге Lamborghini сұрадым": Айгүл Иманбаева күйеуінен қымбат көлік сыйға алды (ВИДЕО)

"Мәһірге Lamborghini сұрадым": Айгүл Иманбаева күйеуінен қымбат көлік сыйға алды (ВИДЕО)

фото: SN.kz

Белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваға жары қымбат көлік тарту етті. 

Әншінің келіні Айдана Байтұрсын Instagram парақшасында жездесінің Иманбаеваға жаңа темір тұлпар сыйлағанын мәлімдеді:

"Жездем Айгүл Иманбаеваға жаңа көлік сыйлады. Әлі нөмірі де алынбаған", – деп жазды ол.

Ал Айгүл Иманбаева өзі берген сұхбатында бұл ақпаратты растады. Ол тұрмысқа шығарда мәһірге Lamborghini сұрағанын айтты. Бірақ күйеуі алдымен Tesla маркалы көлікті сыйлауды жөн көрген.

"Мәһірге Lamborghini сұрағанмын. Бірақ ол әзірге Tesla алып берді. Алла қаласа, келесіде арманымдағы көлік те келіп қалар", – деп әзілмен бөлісті Иманбаева.