фото: іnstagram.com/zhankoshturarov. Суретте: Жанқош Тұраров
Әлеуметтік желіде белгісіз бір оқырман боксшы Жанқош Тұраровтың тарапына сын жазып, көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Мөлдір Қасымбаева есімді Threads желісінің қолданушысы өзінің парақшасында "бір қызқұмар спортшының" АҚШ-та басқа әйелдермен көңіл көтеріп жүргенін жазған.
"Кеше Нью-Йорктен бір бабник спортшы ағамызды көріп қалдық. Қыздармен жүр әншейін демалып, әйел, бала Қазақстанда, не деген шыдам деймін сол кісілердің әйелдерінде", – деп жазды Мөлдір Қасымбаева.
Осыдан кейін басқа да оқырмандар бұл адамның Жанқош Тұраров екенін жаза кеткен. Осы жазбаға байланысты боксшы Жанқош Тұраровтың өзі жауап берді.
"Ағайымнан бастап, біздің командамен жаның қалмай амандасқан қарындасым сен емес пе едің кешегі? Іріткі саларда ойланып жаз, Алладан қорықпағаннан қорқу керек деген рас екен! Шет елде жүріп қандастастарды көргенде, ішіміз жылып қуанып қалушы едік, мынауың ұят қарындасым!" – деп жауап қатты Жанқош Тұраров.