фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қыздарына қатысты отбасындағы бір ережені жария етті. Бұл туралы оның жары Мөлдір Мұқанова Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
Мөлдір Мұқанованың айтуынша, Тұрсынбек Қабатов қыздарының құлағын тек сырға салу рәсімінде ғана тестіруге рұқсат берген.
"Құдалар келіп өздері сырға салады. Бұл дәстүр қазақта бар ма, жоқ па білмейміз. Тұрсынбек бабамыз шығарған", – деді әзілмен Мөлдір Мұқанова.
Айтуынша, бұл шешімге қыздары да қарсы емес, олар бүгінге дейін құлақтарын теспей, әкелерінің айтқанына бағынып жүрген.
Алайда, бұл пікір әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлер тудырды. Кей оқырмандар бұл тыйымды қазақтың дәстүрімен байланыстырмай:
"Тұрсынбек қызық екен, қайдан тапқан ондай ырымды?",
"Папаларыңа ақыл айтатын адам керек сияқты",
"Одан да кеудені жабуды үйретсін", – деп сын пікірлер қалдырды.