Қазақ боксшысы "Канелоның" жеке ұшағымен ұшып жүр (ФОТО)

Қазақ боксшысы "Канелоның" жеке ұшағымен ұшып жүр (ФОТО)

фото: instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli. Суретте: Канело мен Бек Нұрмағанбет

Қазақстандық жас боксшы Бек Нұрмағанбет мексикалық әйгілі чемпион Сауль "Канело" Альвареспен бірге жеке ұшақта сапарға шықты. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-парақшасында жариялады, деп Sportinside.kz. тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода Бек пен Канелоның Embraer Legacy 500 үлгісіндегі ұшаққа бет алған сәті бейнеленген. Бұл – Канелоға тиесілі жеке ұшақ. Спортшы жазбасында:

"Мен көтеріліп кеткенмін... Айтсам сенбейсіңдер... Канело братан қыдыртып жүр", – деп әзілдеп жазды.

Mundodeportivo басылымының дерегі бойынша, ұшақтың нарықтағы құны шамамен 18,4 миллион долларды құрайды.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет қазіргі уақытта Канелоның жаттығу залында дайындық жүргізуде және мексикалық жұлдыздың спарринг-серіктесі ретінде танылған. Оның дайындығы Канелоның жеке бапкерінің бақылауында өтуде.