"Қатынымды жақсы көрмей алдым": танымал ММА спортшысы әйелімен есеппен үйленген (ВИДЕО)

"Қатынымды жақсы көрмей алдым": танымал ММА спортшысы әйелімен есеппен үйленген (ВИДЕО)

фото: prosport.kz. Суретте: Арман Әшімов

Танымал ММА жекпе-жек шебері Арман Әшімов YouTube арнасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы ашық айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әшімовтің айтуынша, ол өз жарына үйленген кезде ешқандай сезім болмаған.

"Қатынымды жақсы көрген жоқпын мен. Бірақ білдім – жақсы қатын болатынын. Үйленген соң Аллаға шүкір, жақсы көріп кеттім. Бірақ бұл – есеппен құрылған неке. Мен оның байлығына немесе жағдайына қараған жоқпын, өзі де ел қатарлы адам", – деді спортшы.

Боксшы махаббатпен үйленген жастардың кейінгі жағдайына да тоқталды.

"Махаббатпен үйленгендер кейін өзінше еркектігін көрсеткісі келеді. Әйелін әке-шешесінің көзінше жұмсап отырады. Бірақ олар кеткен соң, әйелінен сөз естіп, үндей алмай қалады. Артынша ақырын қайын жұртына көшіп алады", – деп ойын түйіндеді Арман Әшімов.