фото: sportinside.kz. Суретте: Айсара Керімбекова
Қазақстандық спорттың аңыз тұлғасы, самбодан әлемге танылған Айсара Керімбековаға Samal Water компаниясы ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Samal Water компаниясы Instagram желісіндегі ресми парақшасында Айсара Керімбековаға ерекше сыйлық жасаған сәтін көрсетті. Компания атынан ардагер спортшыға кір жуатын машина, газ плита, кондиционер мен телефон сыйға берілді. Осы сыйлықтың бәрін күрес шебері Зәмзагүл Файзолланова табыстап, Айсара Керімбекованың күрес өнері, самбо спортында ерекше еңбегі бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, жақында Айсара Керімбекова қазіргі таңда қарапайым аула сыпырушы болып жұмыс істеп жүргенін жазған едік.
1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген Айсара самбо және дзюдо спорт түрлерінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Қазақстанның үш дүркін чемпионы, КСРО және Азия чемпионаттарының жүлдегері, 1992 жылы еліміздің ең үздік он спортшысының қатарына енген.