фото: Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Ринат Зайыт
Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт өз тегіндегі "-ов" жалғауын алып тастағанын мәлімдеді.
Айтыскер ақын Фархат Маратұлы әлеуметтік желідегі парақшасында Ринат Зайыттан осы туралы сұрады. Өз кезегінде Мәжіліс депутаты жеке куәлігін көрсетіп, бұл мәселені нақтылады.
"Кеше Рекең Көкпектіде жиналыста болғанда ЛЭД экрандағы жазбада Заитов деп жазылып тұрғанын көріп көпшілік арасынан "ол ОВ-ты алып тастап еді ғой?" деген сұрақ болды. Анығында биыл сәуір айында өзі жариялағандай төлқұжатында ЗАЙЫТ", – деп жазды Фархат Маратұлы.