"Әлемдегі ең әдемі ту": Шавкат Рахмоновтың арқасында Қазақстан туы ең үздік деп танылды

"Әлемдегі ең әдемі ту": Шавкат Рахмоновтың арқасында Қазақстан туы ең үздік деп танылды

фото: Getty Images. Суретте: Шавкат Рахмонов

Бразилиялық танымал журналист және аралас жекпе-жек сарапшысы Игор Серафини Қазақстан туына ерекше ықыласын білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Игор Серафини бұл пікірін UFC жұлдызы, қазақстандық Шавкат Рахмонов туралы видео дайындау кезінде жазған.

"Бүгін Шавкат Рахмонов туралы видео дайындап отырмын. Сонда мынадай ой келді: Қазақстанның туы – бұл нағыз өнер туындысы. Әлемдегі ең әдемі тулардың бірі, тіпті ең әдемісі десе де болады. Керемет!" – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.