"Нағыз ханшайым еді": желіде Мәдина Ерәлиеваның ерекше видеосы тарады (ВИДЕО)

"Нағыз ханшайым еді": желіде Мәдина Ерәлиеваның ерекше видеосы тарады (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Мәдина Ерәлиева

Әлеуметтік желіде қазақ ән өнерінің жарық жұлдызы, марқұм Мәдина Ерәлиеваның бұрын-соңды жарияланбаған видеосы кеңінен таралып жатыр.

Кадрларда өнер иесінің сахнадағы нәзік болмысы мен ерекше сымбаты көрініс тапқан. Бұл бейнежазба көрермендердің жүрегін елжіретіп, көпшілікті сағынышқа бөледі.

Желі қолданушыларының пікірі екіұшты болды: бір бөлігі Ерәлиеваның таланты мен сұлулығына сүйсініп, оның ерте кеткеніне өкінсе, енді біреулер оның жеке өміріне қатысты көзқарастарын білдірген.

"Нағыз ханшайым еді. Өнері де, түр-тұлғасы да керемет", – деп жазды бір желі қолданушысы.
"Жатқан жері жайлы болсын. Апам ерте кетті ғой", – деп жүрекжарды пікір қалдырғандар да болды.
"Сол замандағы нағыз сәнқойлардың бірі болды", "Талантты жан еді", "Болаттың арқасында емес, өзі сондай әдемі болатын", – деген пікірлер де кездеседі.