Танымал блогер Елдос "Колобок" әлеуметтік желідегі парақшасында кезекті сүйінші жаңалығын бөлісті.
Бұл жолы ол досы, әзілкеш әрі блогер Нұрболхан Шараповпен бірлесіп, киноиндустрияға қадам басқанын мәлім етті.
"СҮЙІНШІ! Алланың қалауымен екі дос КИНО ӘЛЕМІНЕ кірдік. Бізге сәттілік, сіздерге бұйыртса "приятного просмотра". Киноның қызықты сәттері @bolgan_oqiga_film парақшасында", – деп жазды Елдос желіде.