Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова "Жарқыраған жұлдыз" бағдарламасына берген сұхбатында Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртастың өзінің командасына қосылғанын айтты.
Мөлдір Мұқанованың айтуынша, Алау өзі алғаш болып хабарласып, жұмысқа орналасу туралы ұсыныс білдірген.
"Алау Қайратқызы – менің әріптесім. Мен басқаратын "ММ" өнер-білім орталығына өзі хабарласып, "Мөлдір апай, мен сізде жұмыс істегім келеді. Хореографиядан сабақ берсем деймін" деп өтінішін айтты. Уақытын келісіп, оны жұмысқа қабылдадым. Қазір өзінің шәкірттері де бар. Алау – менің де, қыздарымның да әріптесі әрі олармен құрбы ретінде де жақсы араласып жүр", – деді продюсер.