"100 әнші 100 мобилографымен келеді": Сәкен Майғазиев ұлының тойы туралы айтты

"100 әнші 100 мобилографымен келеді": Сәкен Майғазиев ұлының тойы туралы айтты

фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының алдағы болатын үйлену тойында қонақтар үшін ерекше ереже енгізілетінін мәлімдеді. 

Майғазиевтің сөзінше, тойды ұйымдастырушылар тарапынан арнайы талап қойылған – мобилографтар мен көмекшілер той залына кіргізілмейді.

«Тойға келетін 800 адамның ішіндегі жүз шақтысы – әнші. Әрқайсысы жеке мобилографпен немесе көмекшімен келсе, жағдай қиындайды. Сахнада да, тойда да тәртіп керек», – деді өнер иесі.

Сәкен Майғазиев бұл шектеуді ешкімді ренжіту үшін емес, ұйымдастырудағы реттілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында қабылдағанын атап өтті. Ол әншілерге, олардың көмекшілері мен мобилографтарына арнайы алғыс айтып, өзіне бәрі де іні-қарындастай екенін жеткізді. Алайда, той иесі ретінде талапты орындауды сұрайды.

«Барлығына бірдей жағдай жасап беру мүмкін емес. Бірақ түсіністікпен қарайды деген үміттеміз. Шарапат өзі той жасап береді, егер керек болса», – деп әзілмен түйіндеді әнші.