"Мама, тағы күйеубала керек пе?": қыз жасауына 3 қаладан 3 пәтер берген әйел жұртты таңғалдырды

"Мама, тағы күйеубала керек пе?": қыз жасауына 3 қаладан 3 пәтер берген әйел жұртты таңғалдырды

фото: Qaz365.kz

Желіде ерекше тойдың видеосы қызу талқылануда. Видеода қыз жасауына үш бірдей қаладан – Шымкент, Алматы және BI Group тұрғын үй кешенінен — пәтер берілгені көрініс табады. Бұл жағдай көпшілік арасында түрлі пікір тудырды.

Қалыңмал мөлшері – 10 млн теңге

Күйеу жігіттің отбасы да құр қол келмеген. Олар қыздың ата-анасына "қалыңмал, әке күші мен ана сүті" ретінде 10 миллион теңге тарту еткен. Бұл дәстүрлі той рәсімімен қатар, қыздың жасауымен келген мүліктер ел назарын ерекше аудартты.

Үш пәтер мен Mercedes – қыз жасауына

Қыздың төркін жағы үш пәтерден бөлек, Mercedes көлігін де жасау қатарына қосқан. Бұл ақпарат көпшіліктің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары:

  • «Мама, тағы күйеубала керек пе?»,
  • «Енді мұндай қызға үйленудің қажеті не, өзі-ақ келін болмай-ақ қояйын дегендей»,
  • «Келін емес, тура бір инвестициялық жоба әкелген»,

деген сынды пікірлер қалдырған.