Қазақстанда ойнауға тыйым салынған үздік шабуылшы "Семейге" ауысады

Қазақстанда ойнауға тыйым салынған үздік шабуылшы "Семейге" ауысады

фото: kff.kz. Суретте: Тайнан

32 жастағы шабуылшы Тайнан Лиссабонның "Спортинг" футзал клубынан еліміздің "Семей" командасына ауысатын болды. Бұл туралы Sportinside.kz сайты KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Тайнан Алматының "Қайрат", Испанияның "Эль-Посо" және Португалияның "Спортинг" командаларында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, ол БАӘ мен Иранда да доп тепкен тәжірибелі ойыншы.

Өткен маусымда Тайнан Португалия чемпионатында 16 гол соғып, үздік сұрмергендер қатарында үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін УЕФА Тайнанға Қазақстан құрамасында ойнауға тыйым салған. Себебі, ұйымның ережесіне сәйкес, ойыншы ұлттық құрама сапында өнер көрсету үшін сол елде кемінде бес жыл тұрақты тұруы керек.