"Келіннен ұялып жүрміз": Нұрлан Еспанов қайыната болудың қиындықтарын айтты (ВИДЕО)

"Келіннен ұялып жүрміз": Нұрлан Еспанов қайыната болудың қиындықтарын айтты (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Нұрлан Еспанов отбасымен

Танымал әнші Нұрлан Еспанов тойдың қалай өткені және қайыната болудың қандай екенін айтты.

Жақында Нұрлан Еспанов өзінің ұлы Олжасты үйлендірді. Нұрлан Еспанов "Жетінші арнаның" YouTube арнасына берген сұқбатында тойдың жоғары деңгейде өткенін, шақырылған адамдардың көбі келгенін айтты.

"Адамның өзі көңілді жүру керек қой тойда. Өзің көңілді жүрсең, ешқашан өзгеге өкпелемейсің. Сенің өкпең кімге керек? Құдайға шүкір, барлық қонақтар келді. Кейбір достарым келе алмай қалған болды. Бірақ ешкімге ренішім жоқ", – деп ағынан жарылды Нұрлан Еспанов.

Сондай-ақ қазіргі уақытта қайыната атанған Нұрлан Еспанов үйдегі жағдайды айтты.

"Ұялып жүрміз. Ұялу керек. Келін жақсы енді. Біз көпшіл адамбыз. Біздің үйде адам көп пе, аз ба, білінбейді", – деді Нұрлан Еспанов.