фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Арсен мен Мереке
Танымал әзілкеш әрі блогер Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық өмір мен ажырасуға байланысты жүрекжарды жазба қалдырды.
Әзілкеш үш баламен жалғыз қалудың қандай ауыр екенін айтып, отбасындағы ер азаматтың мінез-құлқындағы өзгерістер туралы ойымен бөлісті.
"Үш баламен ажырасу, жалғыз қалу? Сенген адамыңнан қолдау болмау – өте ауыр, өте қиын. "Астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы қатыныңа сенбе" деген мақал дұрыс емес сияқты... Керісінше!!! Әйел ері үшін соңына дейін барады. Барында да, жоғында да ерінің жанында. Ал кейбір еркектер қолына 1-2 тиын түссе, сол қатынын менсінбей, мал қылып тастап кетеді. Немесе көзіне шөп салады..." – деп жазды ол.