фото: видеодан скриншот
Қазақстан Премьер-Лигасының 16-турында өткен "Жеңіс" – "Жетісу" матчында тосын жағдай орын алды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ойын соңына таман алаңға ит жүгіріп шығып, доппен ойнай жөнелген. Төреші ысқырығын елең қылмаған ит алаңдағылардың арасынан допты иемденіп, шеберлік көрсеткен. Иттің бұл әрекеті ҚПЛ клубтарына нағыз футбол қалай ойнау керек екенін көрсеткендей әсер қалдырды.
Көп ұзамай доп ойыншыларға қайтарылып, итті Ұлттық ұлан сарбаздары ұстап, алаңнан алып шықты.
Матч 3:1 есебімен "Жеңістің" пайдасына шешілді. Бұл жеңістен кейін астаналық клуб турнирлік кестеде 20 ұпаймен 8-орында орналасса, "Жетісу" 13 ұпаймен 10-орынға табан тіреді.