"Балалардың қайсысы Тұрсынбекке ұқсайды?": Мөлдір Мұқанова ағынан жарылды (ВИДЕО)

"Балалардың қайсысы Тұрсынбекке ұқсайды?": Мөлдір Мұқанова ағынан жарылды (ВИДЕО)

фото: Видеодан скриншот. Суретте: Мөлдір Мұқанова қыздарымен

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова өзінің қыздарымен журналист Динара Сәтжанның The DS Show бағдарламасында қонақта болды.

Бағдарлама барысында тележүргізуші Динара Сәтжан: "Балалардың қайсысы Тұрсынбекке ұқсайды?", – деп сұрақ қойды. Сол кезде бәрі Айымды көрсетеді. 

"Қыздарымның үнемі ізденіс үстінде жүретіні ұнайды. Түнгі шайда өздерінің жоспарларын айтып отырғанда, мен өзім таңғаламын. Мен бе сені туған деп ойлаймын. Өзіңнің балаңның сенен ақылды боп тұрғанын көру бақыт қой. Маған кеңес береді, мен іштей мақтанамын", – деді Мөлдір Мұқанова.