Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы: "Челси" мен "ПСЖ" ойынын қайдан көруге болады?

Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы: "Челси" мен "ПСЖ" ойынын қайдан көруге болады?

фото: Brennan Asplen/Getty Images. Суретте: Клубтар арасындағы әлем чемпионатының трофейі

Бүгін футбол жанкүйерлері үшін маңызды матч – Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында "Челси" мен "Пари Сен-Жермен" командалары кездеседі, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Финал АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласындағы "Метлайф" стадионында өтеді. Басталу уақыты – жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00, яғни Қазақстанда 13 шілдеден 14 шілдеге қараған түнгі сағат 00:00-де басталады.

Ойынды "Qazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, матч аяқталғаннан кейін YouTube-тегі арнада ойынның шолуы жарияланады.

"Челси" бұл турнирде 2021 жылы жеңіске жеткен, ал 2012 жылы финалда жеңілген. "ПСЖ" тарихында алғаш рет Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына шығып отыр.

2025 жылдан бастап турнир 32 командадан тұратын жаңа форматта өтіп жатыр.