"Бәріне себеп бар": Назым Қызайбай желіде Тоқаев пен Головкинге арнайы жазба жариялады (ФОТО)

"Бәріне себеп бар": Назым Қызайбай желіде Тоқаев пен Головкинге арнайы жазба жариялады (ФОТО)

фото: Richard Pelham/Getty Images. Суретте: Назым Қызайбай

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҰОК президенті Геннадий Головкинге арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Назым Қызайбай Threads желісіндегі ресми парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Геннадий Головкиннің қолдауын, олардың көз алдында жеңіске жету үлкен мәртебе екенін жазды.

"Президент пен Геннадий Головкиннің қол шапалақтауы – бұл мен үшін үлкен мәртебе. Еңбектің бағаланғаны – ең үлкен қуаныш. Бәріне себеп бар. Қуанышқа да, қиындыққа да – Аллаға мың шүкір", – деп жазды Назым Қызайбай.