"Мөлдірдің қысымына шыдай алмадым": Тұрсынбектің "екінші әйелі" үндеу жасады (ВИДЕО)

"Мөлдірдің қысымына шыдай алмадым": Тұрсынбектің "екінші әйелі" үндеу жасады (ВИДЕО)

фото: SN.kz

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың аты тағы да даулы мәселемен байланысты аталып отыр. Бұл жолы оның "екінші әйелі" делінген бойжеткен ел алдына бейнеүндеу жасап, көпшіліктен кешірім сұрады.

Әлеуметтік желіде тараған видеода бойжеткен басынан өткен жайтты баяндап, елге үн қатты. Ол бастапқыда жағдайдың жария болмауы үшін үнсіз келісімде болғанын айтты. Алайда, әйелі Мөлдір Мұқанова тарапынан қысым күшейіп, жұмысына да кедергі келтіре бастаған соң үндеу жасауға мәжбүр болғанын жеткізді.

"Мен мынау дүйім халқымнан кешірім сұраймын. Себебі фильм шыққанға дейін үндемей келдім. Арамызда қалады деп келіскенбіз. Бірақ мен жаққа Мөлдір ханымнан қысым болып жатыр. Оны Тұрсынбек те тоқтата алмай отыр. Менің жұмысым тоқтап қалды. Сондықтан амалсыздан үндеуімді жолдап отырмын", – дейді бойжеткен.