"Қорқақсың, сен ешкім емессің": Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионына сес көрсетті

"Қорқақсың, сен ешкім емессің": Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионына сес көрсетті

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы доминикандық Карлос Адаместі ашық айыптап, жекпе-жектен қашып жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

"Қорқақ! Келісімшартқа қол қой немесе белбеуді маған бер! Сен маған қызық емессің, сен ешкім емессің! Маған тек титул керек!" – деп жазды Әлімханұлы.

Карлос Адамес те үнсіз қалмай, өзінің жауабын жолдады:

"Менің ең үлкен жанкүйерім – сен, "чемпионсымақ". Бірақ өзің ешкіммен төбелеспегенсің. Бір күні сені жарнамалағаның үшін чек жазып беремін", – деді Адамес мысқылмен.

Бұған жауап ретінде Жәнібек оны тағы бір мәрте сынға алды:

"Иә, мен шынымен де сенің танымалдылығыңды арттырып жатырмын. Бірақ сені әлемге нағыз қорқақ ретінде танытып жатырмын", – деп жазды Әлімханұлы.