Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов өзіне керемет сыйлық жасады. Ол люкс санаттағы Mercedes-Benz Gelandewagen көлігін сатып алғанын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жекпе-жек шебері көліктің суретін желіге жүктеп, астына:
"Өзіңе өзің осылай сыйлық жасап тұрмасаң, сені ешкім ойламайды", – деп әзілмен жазба қалдырған.
Mercedes-Benz G-Class көлігінің Қазақстандағы ресми бағасы 103 миллион теңгеден басталса, Рахмонов таңдаған үлгінің нарықтағы толық жинақтамадағы құны 200 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта жарақатынан оңалып жатыр. Бұған дейін спортшы желтоқсан айында октагонға оралуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Сондай-ақ UFC-дің жартылай орта салмақтағы жауынгері Шавкат Рахмонов жасөспірім шағындағы қиындықтарын айтып берген еді. Сонымен қатар ол өзіне қолдау білдірген жандар туралы ыстық естелігін айтты. Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта өзіне тағылып жатқан сынға жауап берген.