фото: Тұрар Қазанғапов, Vesti.kz. Суретте: Шавкат Рахмонов
UFC-дің жартылай орта салмақтағы жауынгері Шавкат Рахмонов жасөспірім шағындағы ыстық естеліктерін айтып берді. Бұл туралы ол Ulysmedia YouTube арнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Қарағандыда "Шығыс" базарында грузчик боп жұмыс істедім. 2010-2012 жылдар аралығында сол жерде еңбек еттім. Нақты есімде жоқ, бірақ күніне 1500-5000 теңгедей табатынмын. Мен намыстанбаймын, бұл адам еңбек. Мен де қымбат көлікте мініп, қымбат жерден тамақ ішкім келді. Алайда әке-шешем бай емес, соған сай еңбек етуім керек болды. Өз-өзіме жағдай жасауым керек еді", – деді Шавкат Рахмонов.
Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта өзіне тағылып жатқан сынға жауап берген еді.