фото: SN.kz. Суретте: Гүлнұр Оразымбетова мен ұлы
Танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова ұлын алғаш рет көпшілікке көрсетті, деп Sportinside.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды,
Өнер иесі Instagram парақшасына ұлымен бірге түскен видеосын жариялап, жазба астына:
"Қашан үйленесің деп келе жатырмын" – деп әзілдей жазып қойды. Осылайша ол ұлының үйленуге дайын екенін тұспалдап, көптен күткен келінді асыға күтіп жүргенін білдірді.
Желі қолданушылары бейнежазбаға белсенді пікір қалдырып, болашақ келін атануға ниеттерін жасырмай жарыса жазды:
"Келініңіз болайыншы!",
"Енесіне ұқсаған әдемі де ақылды келін келсін",
"Болашақ келіннің арманы жоқ қой!",
"Гүлнұр ханым, сіз мүлде жас көрінесіз!" – деп жазды оқырмандар.