"Орамал қайда?": Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа образы жұрттың талқысына ұшырады (ВИДЕО)

"Орамал қайда?": Кәмшат Жолдыбаеваның жаңа образы жұрттың талқысына ұшырады (ВИДЕО)

фото: instagram.com/kamshat__zholdybayeva. Суретте: Кәмшат Жолдыбаева

Кәмшат Жолдыбаева – өнер, сұлулық, еңбек пен мотивацияны бір арнаға тоғыстырған заманауи қазақ әйелі. Оның соңғы Instagram жазбасы көпшіліктің ерекше ықыласына бөленіп, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. 

"Энергия – қозғалыста пайда болады. Өмірімізге керек нәрселерді шақыру үшін энергия керек. Оны демалып жатып емес, қозғалыспен іске қосасың. Бір орында тұрып қалма. Алға жүр!" – деп жазды Кәмшат.

Бұл – мыңдаған қыз-келіншектерге шабыт берген сөздер. Желі қолданушылары оның мықтылығына, ерік-жігеріне тәнті. Олардың пікірінен Камшаттың бойындағы харизма мен адамға ықпал ету қабілетін аңғару қиын емес.

Желі қолданушылар не дейді?

"Сіз тіпті өзіңіз де білмейсіз, қаншалықты мотивация бересіз. Бірнеше жыл бұрын салған табата жаттығуыңызды әлі күнге дейін жасаймын. Дәл сол видео арқылы спортқа деген сүйіспеншілігім оянды", – дейді бір оқырман.

"Баян ханым қыздардың ішінде ең еңбекқор – Кәмшат" десе,

"Кәмшат қайта оралды! Қайтадан жарқырай түсті", – деп қуаныштарын жасыра алмауда.

Кейбір жанкүйерлері:

"Интервью, подкастқа барыңызшы. Қыз кезіңіздегі сұхбатыңызды әлі де мотивация алу үшін қараймыз. Ал қазіргі Келіншек Кәмшат қандай екен?" – деп ашық сұраныс та білдіріп жатыр.