19 жастағы қазақ шахмат ханшайымы Әлем кубогында ел күтпеген сенсация жасады

19 жастағы қазақ шахмат ханшайымы Әлем кубогында ел күтпеген сенсация жасады

фото: FIDE баспасөз қызметі. Суретте: Меруерт Камалиденова

Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан шахматтан Әлем кубогында 19 жастағы қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова сенсациялық жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ресми сайты хабарлағандай, Меруерт Камалиденова Әлем кубогының 2023 жылғы иегері әрі әлем чемпионатының финалисі Александр Горячкинаны бетпе-бет кездесудің алғашқы матчында жеңіп, жарыстың басты сенациясына айналды. FIDE баспасөз қызметі бұл жеңісті "күннің тосынсыйы" деп атады.

Батумиде әйелдер арасындағы Әлем кубогы бесінші күнге жалғасып жатыр. Меруерт Камалиденова алғашқы айналымнан сүрінбей өтіп, үздік 64 шахматшының қатарына енді. Егер ол Горячкинаны екінші партияда да жеңсе, 50 мың доллар (шамамен 25 миллион теңге) көлеміндегі бас жүлде үшін күресті жалғастырады.

Меруерт Камалиденова кім?

2005 жылы дүниеге келген Меруерт 2019 жылы 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы атанды. Қазақстан құрамасы сапында ол командалық әлем чемпионатында және шахмат олимпиадасында күміс жүлде алған.

Ол классикалық шахмат бойынша 20 жасқа дейінгі әлемдік рейтингте 17-орында, ал рапид (жылдам шахмат) бойынша үздік бестікке енеді.