"Әке құшақташы" деді": Қайрат Нұртастың әкесі баласына жаны ашып, жылап қалды (ВИДЕО)

"Әке құшақташы" деді": Қайрат Нұртастың әкесі баласына жаны ашып, жылап қалды (ВИДЕО)

Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков ұлының Астанадағы концертінен алған әсерімен бөлісті.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының сахнаға шығар алдында қатты толқығанын айтып, жан тебірентерлік сәтті еске алды.

"Алла абырой берсін, балам! Бүгінгі ән кешінің алдында балам 18 жыл бойы концерт беріп жүріп, дәл бұлай қобалжыған емес. "Әке, құшақташы" деді сахнаға шығарда. Сол сәтте көңілім босап кетті. Дегенмен, халық Қайрошты сахнаға шыққанда-ақ демеп жіберді. Мың жасағыр жұртым! Алла ғұмыр берсін, балам!" – деп жазды Нұртас Айдарбеков.