фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Жахан Отарғалиев
Белгілі актер, блогер әрі продюсер Жахан Отарғалиев достығы мен жеке арманы туралы жүрекжарды жазбасын бөлісті.
Ол Instagram парақшасында досы, блогер Елдос Кадирхановты (желіде танымал аты – Колобок) шын жүректен құттықтап, көпшілікпен өзінің де ішкі сырын бөлісті. Жаханның айтуынша, ол мен жұбайы 16 жылдан бері ата-ана болуды армандап келеді.
"Колобок үшін қатты қуаныштымын. Видеосын көріп бәріміз жыладық, бұл – ерекше сезім. Біз де үмітімізді үзбей келеміз. Алла қаласа, бізге де сәбиді нәсіп етеді. 16 жыл күттік, тағы да шыдауға дайынбыз. Досым Елдос үшін өте қуаныштымын. Бір-бірімізге үнемі қолдау көрсетіп келеміз. Алла жар болсын!", – деді Жахан.
Сондай-ақ, ол көпшіліктен өзіне жолданған қолдау хаттары мен тілектердің жүрегін елжіреткенін де атап өтті.
"Мені танымаса да дұға жасап жүрген жандар бар. Сол үшін Аллаға шүкір. Әрбір бала – Алланың сыйы. Гендер пати жасау идеясын да жазып қойдым. Қазір баласы бар адамдар шүкір етсін. Өйткені отбасыдан асқан байлық жоқ. Ақша мен дүние уақытша, ал нағыз бақ – отбасында", – деп түйіндеді ол.