Екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған өзбек спортшысы 2 жылға спорттан шеттетілді

Екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған өзбек спортшысы 2 жылға спорттан шеттетілді

фото: Alex Pantling/Getty Images. Суретте: Улугбек Рашитов

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) әлемдік таеквондо жұлдызы, Өзбекстан атынан сынға түсетін Улугбек Рашитовтың спорттық мансабына байланысты сенсациялық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

2020 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы, 68 келіге дейінгі салмақтағы әлемдік рейтинг көшбасшысы Улугбек Рашитов антидопинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді. Бұл жағдай спортшы тарапынан орын алған жауапсыздықтың салдары ретінде бағалануда – бір жылдың ішінде үш рет орналасқан жері туралы ақпарат бермегені үшін ол ресми түрде жазаланды.

Осыған байланысты 23 жастағы спортшы 2027 жылдың 12 мамырынан кейін ғана жарыстарға қайта қатыса алады.