Танымал продюсер Баян Алагөзованың анасы Гүлжамал Мұхитденова қызының мінез-құлқындағы өзін мазалайтын тұстармен бөлісіп, қызы үнемі ескерту жасап, сын айтып отыратынын жеткізді.
Сұхбат барысында Баян анасына: «Менің бойымдағы ұнамайтын қасиет қандай?» деген сұрақ қояды. Ал анасы оған шындықты бүкпей айтты:
– Сен өте көп сынайсың. Үйге келгенде де тыныш жүрмейсің. «Мынау не? Ыдысты неге алмадың? Тағамың әдемі емес, неге мейрамхананікіндей емес? Үйің лас» деп ескерту айта бересің. Мен сонда: «Ұнамай ма, өз үйіңде қалағаныңдай жасап ал» деймін. Ол – сондай адам, – деді Гүлжамал Мұхитденова.