«Бұл мұражай ма, әлде сырахана ма?»: Алматы тұрғыны Қастеев музейінде тегін сыра таратылғанын сынады

«Бұл мұражай ма, әлде сырахана ма?»: Алматы тұрғыны Қастеев музейінде тегін сыра таратылғанын сынады

фото: pixabay.com

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде өткен мәдени іс-шарада тегін сыра таратылғаны қоғамда үлкен дау тудырды.

Блогер Құрманғазы Нияз аталмыш шара кезінде алкоголь өнімдерінің таралғанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде наразылық білдірді.

«Бұл не болып кетті? Музейде сыра таратылып жатыр. Бұл – мәдениет ошағы ма, әлде сырахана ма? Мұндайға кім рұқсат берді? Құзырлы органдар мұны тексеруі керек», – деді ол видеода.

Желі қолданушылары блогердің ашуын қолдап, пікір білдірді:

– «Музейдің қадірі қалмады»,
– «Қазақ өнерін қорлау»,
– «Бұл әрекет үшін ұйымдастырушылар жауапқа тартылуы тиіс», – деп жазды олар.