фото: SN.kz
Қазақстандық танымал рэпер Qurt (азаматтық есімі – Дамир Қойшыбаев) пен оның жүкті жұбайы Аружан Қойшыбаеваның арасындағы отбасылық жанжалға байланысты қозғалған іс сотта татуласумен аяқталды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Аружан күйеуінің өзіне белдікпен шамамен бір сағат бойы күш көрсеткенін айтып, денесіндегі көгерген іздердің суреттерін жариялаған еді. Ол медициналық сараптама жасататынын және полицияға ресми арыз түсіретінін мәлімдеген. Бұл оқиға 27 маусым күні Астанада болған.
Осы оқиға негізінде іс сотқа дейін жетіп, Дамир Қойшыбаевқа қатысты қорғау шаралары қолданылған. Алайда кейін жұбайлар өзара ымыраға келіп, татуласқаны белгілі болды.
Аружан Қойшыбаева кейін әлеуметтік желідегі жазбаларын өшіріп, күйеуімен бірге түскен суреттерін қайта жариялады. Полицияның айтуынша, ол ресми түрде шағымынан бас тартқан.
Аталған оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде қызу пікірталасқа ұласты. Көпшілік тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңнаманың әлсіз екенін айтып, наразылық білдірді.