фото: gettyimages. Суретте: Дмитрий Бивол
Кәсіби боксшы Дмитрий Бивол ата-анасының шыққан жері туралы айтып, анасының Қазақстанда туғанын мәлімдеді, деп жазады Sportinside.kz.
Биволдың айтуынша, оның анасы Шымкент қаласында дүниеге келген. Кейін Бологое қаласына оқуға кеткен екен.
«Анам Қазақстанда, нақтырақ айтсақ, Шымкентте туған. Кейін Кеңес үкіметі кезінде Бологоеге оқуға кеткен. Сол кезде емін-еркін жүріп-тұруға мүмкіндік болған. Ал әкем Молдовада туған. Ол да оқуға барған, ата-анам сол жерде танысқан. Кейін Қырғызстанға бірге кеткен. Шекара болмаған соң, ол уақытта қозғалыс еркін еді. Ата-анамның Қырғызстанға барғанына қуаныштымын», – деді спортшы.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Қолданушылар:
– «Сондықтан мықты екен ғой, нағашыларына тартқан»,
– «Қырғыздар неге оныкі деп жүр? Ол Шымкенттен шыққан екен»,
– «Алып анадан туады, Шымкентке жиен екен ғой»,
– «Өзі де қазаққа ұқсайды екен» – деп пікір қалдырған.