фото: Әлеуметтік желіден
Біраз жылдан бері сәби сүюді армандап жүрген танымал блогер Елдос "Колобок" көптен күткен қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол гендер-пати ұйымдастырып, қуанышын жақындарымен бөлісті.
Бұл ерекше сәтке әнші Серік Ибрагимов пен жұбайы да арнайы келіп, достарының шаттығын бірге бөлісті.
«Аллаға шүкір, осы күнге де жеттік. Бүкіл қазақ елінен сүйінші сұраймыз», – деп жазды Серік Ибрагимов Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуана қабылдап, жас отбасыға ақ тілектерін жаудырды.