фото: ozgeris.info
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанованың әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбасы көпшіліктің назарына ілікті.
Бейнежазбада Мөлдір Мұқанова сымбатты жігітпен бірге кадрда көрінеді. Ол жігіт Мөлдірден: «Сен үшін бақытты отбасы деген не?» – деп сұрайды. Сол сәтте Мөлдір қария жұпқа қарап: «Мәңгілік және адал отбасы», – деп жауап береді.
Қысқа ғана ролик TikTok пен Instagram желілерінде тарап, желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік соңғы кездері тараған қауесеттерге сілтеме жасай отырып, түрлі ойларын білдірді.
Пікірлердің бір парасы былайша өрбіді:
«Екінші әйел алу – бұл сатқындық емес пе?»
«Тұрсынбек Мөлдірге адал. Мен оған сенемін».
«Ол бес баласын, осындай сұлу, ақылды әйелін ешқашан тастамайды».
«Кетем деген еркекті 20 бала тусаң да, ұстай алмайсың».
«Мүмкін барлығы өсек шығар, бірақ осындай хайп үшін әйел адамның абыройын бәске тігуге бола ма?»