"Сен қорықпа, біз ана жақта сөйлесіп қойғанбыз": Мейірман Шекеев сотталушылар туралы тың деректі айтты

"Сен қорықпа, біз ана жақта сөйлесіп қойғанбыз": Мейірман Шекеев сотталушылар туралы тың деректі айтты

фото: Ulysmedia.kz коллажы.

Талғарда қаза тапқан марқұм Шерзат ісінде жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған Мейірман Шекеев сотталушылардың бірі Дархан Әскентай туралы айтады.

Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев «Қазақ Айранға» берген сұхбатында мәлімдеді:

"Бастапқыда бәрі Дархан Әскентайға "мойныңа ал" деп айтады. Себебі ол жерге "сен үшін бардық, сен үшін осы жерде отырмыз" деп айтады. Сондай-ақ "сен қорықпа, сен үшін біз ана жақта сөйлесіп қойғанбыз, яғни түрме жақта нормально жүресің, сен бұрын-соңды сотталмағансың, жағдайыңды жасап береміз" дейді. Бастапқыда Әскентай бұған келіседі. Кейіннен ол жасағанымды ғана мойныма аламын, мен адам өлтірген жоқпын деп бас тартады", – дейді Мейірман Шекеев.м